about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Жастар денсаулық орталықтарында жасөспірімдерге 182 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетілді – МӘМС

Жастар денсаулық орталықтары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жұмыс…

18, Тамыз

 

Жастар денсаулық орталықтары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жұмыс істегеннен бері оған жүгінушілер саны да айтарлықтай артты. Ағымдағы жылы медициналық қызметтер үшін 2,2 млрд теңгеге шарт жасалды. 5 айда 182 мыңнан аса қызмет көрсетіліп, оған 431 млн-нан астам қаржы жұмсалды деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

Жастар денсаулық орталықтары жас буынның денсаулығын сақтау мен нығайтуда маңызды рөл атқарады. Бүгінде орталық қызметтеріне деген сұраныс өсіп отыр. Міндетті түрде құпиялылықты сақтау әдісімен жастарға арналған қызметтерді ұсынады.

«Пациенттердің медициналық көрсеткіштеріне қарай, кешенді диагностикалық, емдеу, кеңестік, профилактикалық, медициналық, әлеуметтік, зертханалық зерттеулер және оңалту шараларына жолдама беріледі. Қабылдауды білікті мамандар жүргізеді. Олардың қатарында акушер-гинеколог, психолог, уролог-андролог, психотерапевт, психиатр, дерматовенеролог, әлеуметтік қызметкер және фельдшер бар»,дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жасау департаменті директорының орынбасары Жанар Ботагарина.

Орталықтарда 12–17 жас аралығындағы жасөсіпірімдер және            18–29-дағы жастарға қызмет көрсетіледі. Олардың ерекшеліктеріне қарай кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмек беріледі. Қазір Қазақстан бойынша қалалық, аудандық емхана мен жекеменшік клиникаларда барлығы 218 орталық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жұмыс істейді.

«Жастар денсаулық орталықтары кәмелетке толмағандарға медициналық психологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау        субъек­тілеріне айналды. Басты мақсат – жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ре­продуктивті денсаулықты қорғау, оның ішінде ерте жыныстық белсенділік пен ерте жүктіліктің алдын алу, контрацептивтерді қолдану, отбасын жоспарлау және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы ақпараттандыру», – дейді Жанар Ботагарина.

Жасөспірім шақ − сенімді серік іздейтін, көңілдің албырт шағы. Ата-ананың баласының шешімдерін түсінбеуі, қолдамауы, тіпті балаға мүлде көңіл бөлмеуі психикалық өзгерістерге алып келеді немесе біреуге айтуға қорқатындай жағдайға тап болуы мүмкін. Мектептегі қудалану, үлкендердің немесе құрдастарының сексуалдық алымсақтығы, бәлкім танысының зорланған болуы, жыныстық жолмен берілетін ауру белгілерін өз бойынан табуы немесе ерте жүктілікке тап болуы секілді түрлі мәселелер бойынша Жастар денсаулық орталығында жағдайдың басын ашуға және оң шешімін табуға көмектеседі. Дегенмен, әрбір жас өз денсаулығы үшін басты жауапкершілікті өзі сезінгені дұрыс. Бұл ретте ата-ана тәрбиесінің де маңызы зор.

Егер сұрақтарыңыз болса, сіз оларды емханаңыздан Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласып сұрай аласыз. Егер сізге ол жерде көмек көрсетілмесе, онда өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot. Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №3"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, микрорайон Нурсат здание 190

gorodskayapoliklinika_3@mail.ru

phone icon 77-32-37
Регистратура
phone icon 77-32-35
Медициналық мекеменің байланыс орталығы